$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр

Ақтөбеде пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Polisia.kz

Самара-Шымкент тасжолындағы теміржол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік тиеген жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.

Жүк тиеген көлікте барлығы 4 жеңіл көлік болған. Оның төртеуі жарамсыз күйге түссе, өзгесі бүлінбеген.

Серіктес жаңалықтары