$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекара қызметінің бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды

Дархан Ділманов өткен жылдың маусым айында қамауға алынған болатын

Шекара қызметінің бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды
Фото ашық дереккөзден

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, тергеу материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берілді. Яғни 2023 жылдың 22 наурызына дейін», - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Серіктес жаңалықтары