Google компаниясы фейктерді анықтайтын науқан бастайды
Жалған ақпаратпен күресу үшін Google компаниясы Еуропа көлемінде жаңа науқан бастайды
Google компаниясы фейктерді анықтайтын әдіс-тәсілдер туралы қысқа бейнероликтер түсіріп, жарнама ретінде ірі әлеуметтік желілерге жүктемек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюс-ке сілтеме жасай отырып,
Қысқа бейнероликтер Facebook, YouTube немесе TikToк сияқты платформаларға жарнама ретінде жүктеледі. Google компаниясы бұл бастамаға pre-bunking деп атау берген.
Кембридж университетінің әлеуметтік психологы Сандер ван дер Линденнің айтуынша, бұл науқан фейктерді анықтайтын дәстүрлі әдістерге қарама-қарсы құрал болады.
Айта кетейік, Google былтыр дәс осындай науқанды Польша, Чехия және Словакия елдерінде іске қосып, Украинадан кетіп жатқан босқындар туралы жалған ақпараттарды анықтап отырған.