18.02.2023, 17:52
Жаңалықтар
Петропавлда 23 жастағы тұрғыннан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді
Зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді
Фото ашық дереккөзден
Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 ақпанда Петропавл қаласы ПБ-ның 102 жедел каналына «Северный» базарының жанында Назарбаев көшесінде қолында қаруы бар күдікті ер адамның келе жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама түсті.
Бұл факт Петропавл қаласы ПБ-нің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Екі ер адам ұсталды. Олардың бірі, облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді.
Зардап шеккендер жоқ.
Зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)