Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді

Azattyq Rýhy

Бағдарлама бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді
Фото ашық дереккөзден

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия қарастырылған.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.