$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік азамат ұсталды

Нөмірлік белгілер тәркіленіп, автокөлік айып тұрағына қойылды

Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік азамат ұсталды
фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 ақпан Қарабұлақ–Қостанай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін басқарған  Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматын тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқаны белгілі болды.

«Жүргізушіге қатысты КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату» және КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген Ақтөбе облыстық ПД хабарламасында.

Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары