$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекетке 38 млн теңге қарыз: СҚО-да жұмыспен қамту орталықтары жауапқа тартылады

Прокуратура олардың жұмысынан өрескел заңбұзушылықтар анықтады

Мемлекетке 38 млн теңге қарыз: СҚО-да жұмыспен қамту орталықтары жауапқа тартылады
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жұмыспен қамту орталықтарының жұмысында көптеген өрекскел заңбұзушылық болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, прокурорлар қысқа мерзімді оқытудан өтуді ұйымдастыруға, жалған жұмысқа орналасуға, бизнес-бастамаларды қолдауға бөлінген нысаналы гранттарды игермеуге, сондай-ақ Жұмыспен қамту бағдарламаларына жосықсыз қатысушыларға қатысты шағым жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыспен қамту орталықтарының әрекетсіздігіне қатысты көптеген бұзушылықтарды анықтаған.

«Тексеру нәтижелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарының басшыларын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту және мемлекеттік бюджетке 38 млн теңгені өтеу туралы сұрақтар қойылып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актілері енгізілді», - делінген СҚО прокуратурасы хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары