Түркияда жер сілкінісінен 227 сағат өткен соң әйел мен оның екі баласы құтқарылды
Олар он күн бойы Антакияда қираған үйдің астында болған
Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 228 сағат өткен соң әйел мен оның екі баласы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.
«Құтқарушылар Антакия қаласындағы Оймақ көшесіндегі құлаған тұрғын үйлердің бірінің қирандыларының астынан Эля есімді әйел мен оның балаларын алып шықты», - делінген хабарламада.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі де ауруханаға жеткізілді.
Еске салайық, эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35,4 мыңнан асты.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл елде түсірілді
Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Корея, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.
Айта кетерлігі, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.