$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК Respublica партиясының кадидаттарын тіркеді

Партия тізіміне 23 адам енгізілген

ОСК Respublica партиясының кадидаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған 23 кандидатын тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сайлау» туралы ҚР Конституциялық заңының 90-бабының 1-тармағына сәйкес, Respublica партиясы қоғамдық берлестігінің партиялық тізімінен олардың өтініштері негізінде Дархан Серікұлы Иманашевті, Олжас Абазұлы Сұлтановты партия тізімінен шығару бойынша ОСК өз құзыреті шеңберінде тиісті шешімдер жобаларын дайындады.

Осыны ескере отырып, партия тізіміне 23 адам, оның ішінде 8 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар енгізілген. Олар бүкіл канидадаттардың 34,8 пайызын құрайды. Белігіленген квота сақталды.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурыз күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары