$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Құжат жобасы 1 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Фото: BaigeNews.kz

Елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні деген жаңа мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Оған сәйкес, 15 сәуірді Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде атап өту ұсынылады.

Құжатты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.

Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалпы саны шамамен 20 мың адамды құрайтыны атап өтілген. Олар Қазақстанның барлық аймағында, соның ішінде ең шалғай аудандарда да жұмыс істейді.

«Алайда бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің болмауына байланысты олар өздерін кәсіби қоғамдастықтың бір саласына жататынын сезіне алмай келеді. Мерекенің болуы корпоративтік мәдениеттің одан ары дамуына ықпал етеді», - делінген ЦДИАӨМ хабарламасында.  

Құжат жобасы 2023 жылдың 1 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Серіктес жаңалықтары