$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаулық оқушылар робот-терапевт құрастырып шығарды

Робот көзіндегі сканер жылдам өлшеп, қан құрамындағы өзгерістерді шағын экранда көрсетеді

Ақтаулық оқушылар робот-терапевт құрастырды. Ақылды технологияның әр бөлшегі 3D-принтерде жасалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қан қысымын, тағы басқа медициналық сараптамаларды алу үшін робот-терапевттің алдына тұру қажет. Оның көзіндегі сканер жылдам өлшеп, қан құрамындағы өзгерістерді шағын экранға шығарады. ІТ-жобаны 3 оқушы 2 жылда құрастырған. Жуырда Алматыда өткен ақылды технологиялар көрмесінде көрерменге таныстырып, жоғары бағаға ие болды.

«Біздің жобамызға көптеген компанияның өкілдері қызығушылық танытты. Сол жерде болашақ инвесторлармен келіссөздер жүргіздік. Әсіресе, Израильдан келген делегациямен екіжақты пікірталас өте қызықты өтті. Біздің мақсатымыз - медицина, көлік саласын цифрландыру. Осы арқылы адамдарға қолайлы жағдай жасау», - дейді жоба авторларының бірі Даниль Мухалев.

Өнертапқыш қос жеткіншек жүзеге асырған бұл жоба балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Олар арнайы платформа жасақтап, оған физика, география және химия пәндеріне қатысты практикалық сабақтарды енгізген. 3D-көзілдірік кию арқылы виртуальды әлемге кіріп, кез-келген затты орнынан жылжытуға болады.

«Өз жобаларына қатты қызығушылықпен қарайды, қоғамға көмек бергісі келеді. Тек жарыстардан орын алу емес, қалай да мемлекетті дамытамыз деген мотивациямен жүрген балалар. Қазір ауруханалар, таксопарктер деген сияқты жеке сектордан іздеп жатырмыз», - дейді информатика пәнінің мұғалімі Мәди Медет.

Қос жоба авторлары түрлі байқауда топ жарған. Олардың тәлімгер-ұстазы қазір инвестор іздеп жүр.

«Мұндай құралдарды мемлекеттік мекемелерге енгізу біз үшін қиынға соқты. Сол себепті жекеменшік мектептер мен қоғамдық көлік парктерге барып, арнайы таныстырылым өткізуге тура келеді» - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары