14.02.2023, 10:11
Жаңалықтар
Түркияда жер сілкінісінен 183 сағат өткен соң ер адам құтқарылды
Құтқарылған адам ауруханаға жеткізілді
Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакия қаласындағы Жебраил ауданында жер сілкінісінен 183 сағат өткен соң бір ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu Ajansı хабарлауынша, құтқарылған адам адам өзін басып қалған ғимараттың қирандыларының астынан табылды.
Үйінді астынан құтқарылған адам ауруханаға жеткізілді.
6 ақпанда болған, «Ғасыр апаты» деп аталған жер сілкінісінен кейін Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетсек, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының ресми саны 37 мыңнан асып кетті. Үйінді астынан тірі шыққандар туралы хабарламалар күн санап азайып барады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады