$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 20 күнде 27 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды

Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтті

Қазақстанда 20 күнде 27 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысына сәйкес 27 мыңға жуық көлік құралы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізілді.

«Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне рөлі оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған», - делінген хабарламада.

Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары