13.02.2023, 20:36
Жаңалықтар
Алматы облысында ауыл маңынан қару-жарақ табылды
Қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін
фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысында Алматы-Өскемен автожолында, Арна ауылының маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлім қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында тапқан.
Полиэтилен пакеттің ішінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды