$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Алматыдағы 50 шақты саяжайдағы үйлерге жеке тұрғын үй мәртебесі беріледі

Бұл - инфрақұрылымы толыққанды шағын аудандарға айналуға мүмкіндік беретін саяжай массивтері

Биыл Алматыдағы 50 шақты саяжайдағы үйлерге жеке тұрғын үй мәртебесі беріледі
Фото ашық дереккөзден

2023 жылы Алматының 50 бау-бақша серіктестігі жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мәртебесін ала алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Егер жер телімдеріне жеке тұрғын үй мәртебесі берілсе, иелері саяжай үйлерін тұрғын үй ретінде заңдастыра алады.

Осылайша, оларды ипотекаға сатып алуға/сатуға, сол үйге тіркеуге тұруға болады.

Ал саяжайлар тұрғын үй алабына көшкеннен кейін мұнда мектеп, бала - бақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар салынады. Жолдар кеңейтіліп, қоғамдық көліктер іске қосылады.

Алматыда барлығы 286 бау-бақша серіктестігі бар. Бұл 13,5 мыңнан астам үй.

2023 жылы тізімге елу шақты бау-бақша серіктестігі ілінуі мүмкін.

  • Алатау - бір бау-бақша серіктестігі;
  • Әуезов — 3 б/с;
  • Бостандық — 12 б / с;
  • Медеу — 5 б / с;
  • Наурызбай — 27 б / с;
  • Түрксіб — 2 б / с.

Әзірге бұл бау-бақша серіктестерінің мәртебесін ауыстыру мәселесін комиссия қарап жатыр.

Қолайлы бау-бақша шаруашылықтарының көпшілігі Наурызбай ауданына-Жандосов көшесіне жақын орналасқан саяжайларға жататыны белгілі.

Сондай-ақ, қала әкімдігінен осы жылы Бостандық ауданының жеті бау -бақша серіктестігінің мәртебесі өзгеретінін мәлімдеген. Олар "Энергия", "Энергостроитель", "Таң", "Мамыр", "Достық", "Табиғат", "Еңбек" бау-бақша серіктестіктері.

Айта кетейік, бау-бақша серіктестіктерінің төрағалары мен саяжай учаскелерінің иелерінен ЖТҚ мәртебесін алуға өтінімдерді жер қатынастары басқармасы қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #саяжай