13.02.2023, 12:07
Жаңалықтар
Ауа райы: алдағы күндері жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Батыста және оңтүстікте жел күшейеді
Фото: e1.ru
Синоптиектер Қазақстан бойынша 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжитындықтан, жұмыс аптасы бұлтты ауа райынан басталады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламада.
16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.
Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыста және оңтүстікте жел күшейеді. Ал температуралық фонда өзгерістер болмайды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
