$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша бұрқасын болып, тұман түседі

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

11 ақпанда түнде және таңертен Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, таңертең және күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

12-13 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с.

11-12 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с, 11, түнде 12 ақпанда екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 35 градус қатты аяз күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы