Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан жол ашып, адамдарды шығарып алды

Azattyq Rýhy

Адамдардың орналасқан жеріне екі тәулік бойы жол салынды

Түркияның Нур қаласындағы қазақстандық құтқарушылар жұмысына қатысты видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған видеода қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды толығымен қираған ғимараттың астынан шығарып алып жатыр.

«Құтқарушылар барлық жол бойы адамды сүйемелдеп шығарып, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Үйінділер астындағы қозғалыс кезінде Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары үйінді астынан адамды өз денелерімен қалқалап шығарып жатыр», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты

Айта кетерлігі, қазақстандық құтқарушылар екі тәулікке жуық уақыт бойы адамдардың орналасқан жеріне жол салған.

«Осы уақыт ішінде зардап шеккендермен аудио байланыс үзілген жоқ», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.