09.02.2023, 10:42
Жаңалықтар
G7 Қытай, КХДР және Иранға қарсы санкциялар дайындап жатыр
Санкциялар тізіміне Ресейге әскери тауар жеткізген компаниялар кіреді
©Shutterstock/Fotodom
Үлкен жетілік мүшелері Ресейге әскери тауар ұсынып жүрген Қытай, Солтүстік Корея және Иран компанияларына қарсы санкциялар енгізу мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, G7 елдерінің мақсаты – мұндай санкциялар пакетін 24 ақпанға дейін, яғни Ресейдің Украинаға толық басып кіруінің бір жылдығына дейін енгізу.
Сонымен қатар бұл шектеулер әлі де қарастырылып жатыр. Үлкен жетілік елдері қабылдайтын әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін.
Басылым тізімге енгізілуі мүмкін компаниялар да келісу сатысында екенін хабарлайды.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл мәселе бойынша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 09:35
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі уланып қалған футболшылардың көңілін сұрап барған
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды