$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады

Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады

2023 жылғы наурыз айында кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру басталады. Қарыз көлемі 5 миллион теңге болмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Informburo-ға сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департмент директоры Асқар Ниязов тілшілердің бірқатар сұрағына жауап берді.

Кімдер қатыса алады? 21-35 жас аралығындағы жастар. Олар шағын несие алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кәсіпкерлікпен айналысқанына 5 жыл болуы тиіс.

Кепіл қою міндетті ме? Бұл – бағдарламаның міндетті талаптарының бірі. Берілетін қаражат қайтарымды несие болғандықтан, кепіл қою қажет.

Несие 21 жастан асқан азаматтарға беріледі. Бұл жасқа дейінгі азаматтардың атында жылжымайтын мүлік болмау тәуекелі жоғары болғандықтан, осы жас таңдап алынған. Сондай-ақ, несие алушының өз атында мүлкі болмаса, ол кепілге жақын туысының үйін не көлігін қоя алады. Бұл ретте мүлік иесінің жазбаша келісімі, яғни сенімхаты қажет. 

Кәсіп саласы бойынша шектеу бар ма? Мұндай шектеу жоқ, барлық сала қамтылады. Несие кәсіпкерлік мақсаттағы кез келген жобаға беріледі.

Қанша адам несие алады? 2023 жылы 5796 шағын несие беру жоспарланған. Несиенің ең жоғары мөлшері – 5 миллион теңге. Ол 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Егер кәсіп түрі ауыл шаруашылығы саласымен байланысты болса, несиені 7 жылға дейінгі мерзімге алу мүмкіндігі бар.

Еске салайық, жастарға арналған кредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.

Серіктес жаңалықтары