Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады
Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктер 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына, шығысына, солтүстігіне әлі де циклон жырасы өз ықпалын тигизеді және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, кей уақыттарда оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда атты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), еліміздің шығысында қалың қар жауады
Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін.