$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы адам өліміне себеп болған автобус апатын тергеу аяқталды

Күдікті деп танылған жүргізушінің ісі сотқа жолданды

Алматыдағы адам өліміне себеп болған автобус апатын тергеу аяқталды
tengrinews.kz

Алматыдағы адам өліміне себеп болған автобус апатын тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі А. күдікті деп танылды және оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды.

«2023 жылғы 7 ақпанда қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі А., ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, автобус апаты 2022 жылғы 8 қарашада Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің  қиылысында орын алған. №98 және №201 автобустары соқтығысып, салдарынан 20-дан астам адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары