$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР СІМ: Түркиядан 18 адам елге қайтуға ниет білдірді

Ұшу уақыты әзірге белгісіз

ҚР СІМ: Түркиядан 18 адам елге қайтуға ниет білдірді
Фото ашық дереккөзден

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте түрік елінен қанша қазақстандық оралуға ниет білдіргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін таңертең 10:00-де Алматы қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты ұшып кетті. Ұшақ жақында Газиантеп қаласына қонды. Онда біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірлесіп, жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін өз жұмысын бастайды. Отряд құрамында құтқарушылар, кинологиялық топтар және ТЖМ апаттар медицина орталығының дәрігерлері бар. Топ қажетті жабдықтармен, көпжылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен жабдықталған. Топты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарады», - деді ол.

Смадияров осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген азаматтарды Қазақстанға әкелу жоспарланып отырғанын айтты.

«Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 және Қырғызстанның екі азаматы бар. Аталған борт Астанаға келеді деп күтілуде. Ұшу уақыты қосымша хабарланады», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, кеше Түркия мен Сирияның бірқатар провинциясында қатты жер сілкінісі болып, салдарынан ғимараттар қирады. Құрбан болғандар бар.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы жер сілкінісі Қаһарман, Мараш, Газиантеп, Османия, Диарбакир, Шанулуурфа провинцияларында болды. Әртүрлі мәлімет бойынша 4 мыңнан аса адам қаза тауып, 20 мыңнан аса адам жарақат алды.

Табиғи апат 13,5 млн тұрғыны бар 10 провинцияға кері әсерін тигізді. Өкінішке қарай зардап шеккендер саны сағат сайын өсіп жатыр.

Сирияда кем деген 1,5 мың адам қаза тапты. Алеппо, Идлип, Латакия және Хама провинцияларында көптеген адам қираған ғимараттың астында қалды.

Серіктес жаңалықтары