$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2019, 13:03
Жаңалықтар

Қазақстандық белгілі саясаттанушы 10 жылға сотталды

ҚР ҰҚК Константин Сыроежкиннің сотталғанын растап отыр

Қазақстандық белгілі саясаттанушы 10 жылға сотталды
Фото: ашық дерек көзінен

Белгілі саясаттанушы, қытайтанушы Константин Сыроежкинге қатысты сот үкімі шықты. Ол алдағы 10 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізеді. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі жазады.

«Константин Сыроежкин  2019 жылы 7 қазанда Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот үкімімен айыпты деп танылған. Күдіктіге ҚР ҚК 175 бабы 1 б тармағымен (мемлекеттік сатқындық) 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - делінген ҰҚК Баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Сарапшының қамауға алынғандығы туралы 4 мамырда «ЦентрАзия» ақпараттық сайты жазған болатын. Қазақстанның арнайы қызметі оған шпиондық жасады деген айып тағып, 19 ақпанда ұстаған. ҚазТАГ агенттігі Сыроежкиннің 2006 жылы Ресей азаматтығын алғаны туралы да хабарлайды.

Танымал синолог, Қытайдың қазіргі саясаты бойынша білікті сарапшы Константин Сыроежкин ҚҒА Ұйғыртану Институтында, Шығыстану инситутында көп жыл ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Кейінгі жылдары Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық Зерттеулер Инстиутында еңбек еткен. Қытайды зерттеу бойынша кеңесші ретінде  көптеген жобаларға атсалысқан.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы 

Серіктес жаңалықтары