Қазақстанда аса қауіпті дерт таралып жатыр
Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды

Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулезбен ауыратындардың шамамен төрттен бірінде емдеуге келмейтін формасы анықталады, деп хабарлайды Tengrinews ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен. Бұл аурудың белгілері-тұрақты жөтел, шаршау, салмақ жоғалту. Аталмыш дерттің дәрілік заттардың әсеріне төзімділігі артып жатқаны айтылады.
«Туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Сіз оларды кез келген жерде жұқтырасыз. Оның алдын алудың ең жақсы жолы - ол пайда болған жерде туберкулезбен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әркім ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан оянатын уақыт келді», - дейді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.