Алматыда Иегова куәгерлері жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Полицияға қала тұрғындары шағымданған
Алматылық полицейлер «Иегова куәгерлері» діни ағымының мүшелерін тексеріп жатыр. Олар жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деген күдікке ілінген деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 9 қазан күні сот санкциясымен діни ұйымның ғимараттарында тексеру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, полицейлер ағым өкілдерінің үйлерін де тінтіген.
Тексеру жүргізуге жергілікті тұрғындардан түскен арыз себеп болып отыр. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексі 122-бабының 3-тармағымен («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрігзіліп жатыр.