$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйел заты ер азаматтармен тең дәрежеде еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді – Жұлдыз Жұманқызы

Ол Домалақ ана сынды асыл әжелердің ізін жалғастыру туралы айтты

Әйел заты ер азаматтармен тең дәрежеде еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді – Жұлдыз Жұманқызы
Фото «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Бірмандаттық округ бойынша «AMANAT» партиясынан үміткер Жұлдыз Жұманқызы «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт» деген қағида бар. Менің мақсатым - өзгерісті өзіміздің ауылдан, өзіміздің ауданнан бастау. Өз ауданымда қолайлы орта қалыптастыру, оны көркейтуге, дамуына үлес қосу. Күнделікті қоғамдық саяси өмірде әйел заты ер азаматтармен тең дәрежеде еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұлардың барлығы біздің Әділетті қоғам құру жолындағы бастамаларымыздың бірі деп білемін. Жаңару – бұл жастардың ісі. Өзіміз үлгі еткен Домалақ ана сияқты асыл әжелеріміздің ізін жалғап, еліміздің уығын тіктеп, керегесін нығайтуға ат салысу біздің бәріміздің азаматтық борышымыз», - деді Жұлдыз Жұманқызы.

Серіктес жаңалықтары