06.02.2023, 21:50
Жаңалықтар
Алматыдағы «Барахолкадан» тағы да өрт шықты
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда «Сәлем» базарындағы екіқабатты контейнерлерден өрт шықты. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 ақпанда сағат 21:09 уақытында Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары шақырту орны - Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі, 508а мекен-жайына аттанды. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта келіп жетіп, «Сәлем» базарында екіқабатты контейнерлерінің отқа оранғанын анықтады.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған алаң 120 шаршы метрді құрайды.
«Сағат 21.42-де өрт оқшауланды, оттың өзге контейнерлерге ұласпасы үшін алдын ала шаралар қабылданды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деді Алматы қаласы ТЖМ баспасөз қызметі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)