$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеңілдетілген автонесие: биыл 2 мың көлік сатылуы мүмкін

Келесі айда бағдарлама қаржы жиналуына қарай қайта іске қосылады

Жеңілдетілген автонесие: биыл 2 мың көлік сатылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева арнайы баспасөз конференциясында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз 7,6 млрд теңге қаржы жиналған соң 761 адамға несие ұсынғалы отырмыз. Мәселен, сәуірде 150 адам қосылса, ақпанда 100 адам деп айта алмаймыз. Бағдарлама қайта басталуы үшін ақша жиналуы керек. Көлік алғандар бойынша статистиканы жариялаймыз. 60 күннің ішінде қаражат жиналуы керек», - деді Ибрашева.

Ол атағандай, қомақты ақша жиналғанын күту қажет болады.

«Автонесие алғандар төлей алмай немесе мерзімінен бұрын жауып жатса, көп қаражат жиналуы мүмкін. Жалпы биыл бағдарлама бойынша 2 мың көлік сатылады деп болжап отырмыз», - деді Жанар Ибрашева.

Тақырыпқа орай: Жеңілдетілген автонесиелеу жалғасады - Өнеркәсіпті дамыту қоры

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға 761 адам үлгеріп, 18 секунда аяқталған еді. Сайтқа бір минутта 125 мың адам кірген.

Серіктес жаңалықтары