06.02.2023, 09:51
Жаңалықтар
Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады
Өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы береді
Фото ашық дереккөзден
Бүгін жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы береді.
«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі » - делінген хабарламада.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- 1 автомобильдің құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
- қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды;
- қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- бастапқы жарна – 0%;
- кредит беру валютасы – теңге;
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге салу) бойынша түпкілікті қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауға тиіс;
- қарыз алушылар отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сақтандыру және кепілге ресімдеу шығындарын төлейді;
- Несие алу 2 жылда 1 рет қана.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды