$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иран билігі ереуілге шыққандар арасында «өкінетін азаматтарға» рақымшылық жасамақ

Айыпталғандар жасаған әрекетіне өкінетінін жазбаша түрде растауы керек

Иран билігі ереуілге шыққандар арасында «өкінетін азаматтарға» рақымшылық жасамақ
REUTERS

Иран билігі үкіметке қарсы ереуілдерге шығып, қамауға алынған азаматтарды ел басшысы Аятолла Әли Хаменеи жарылқап жатқанын хабарлады. Бірақ рақымшылыққа іліну үшін азаматтар биліктің бірнеше талабын орындаыу керек, соның ішінде жасаған әрекеттеріне өкінетінін жазбаша түрде мойындауы керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігіт ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Рақымшылық 1979 жылдың 11 ақпанында аяқталған Ирандағы Ислам революциясының 44 жылдығына байланысты жарияланған. Бұл елдегі ең соңғы шешімді Аятолла Хаменеи (1989 жылдан бері Ирандағы екінші жоғары деңгейдегі басшы – агенттік) қабылдайтыны белгілі.

Хаменеи мәлім еткендей, ел билігіне қарсы шыққандар арасында біраз адам рақымшылыққа ілінсе, біраз адамның жазасы жеңілдейді. Бірақ ұсталған адамға «тыңшылық жасады» деген айып тағылмауы керек.

Рақымшылыққа ілінудің тағы бір басты талабы – азамат жасаған әрекетіне өкінетінін жазбаша түрде растауы керек. Адам өлтірген, мемлекеттік, әскери және қоғамдық нысанға залал келтірген, екі елдің азаматы болған адамдар рақымшылыққа іліне алмайды.

Серіктес жаңалықтары