«Ірі жарыстарда Қазақстаннан асып түстік»: Өзбекстандық спортшы қазақ және өзбек боксын салыстырды
Таиландта өткен Азия чемпионатында Өзбекстан құрамасы 9 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды
Өзбекстандық кәсіпқой боксшы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Джалолов өзбек және қазақ боксын салыстырды. Сонымен қатар спортшы IBA жаңа рейтингінде Қазақстанның Өзбекстаннан неге асып түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy qalampir.uz сайтына сілтеме жасап.
«Өзбекстан әуесқой бокстан әлемде бірінші орында. Таиландта өткен Азия чемпионаты да Өзбекстанның чемпионаты болды. Біздің боксшылар 10 салмақ дәрежесінде 9 алтын медаль жеңіп алды. Мұндай көрсеткіш тарихта әлі болған жоқ. Соған қарамастан, Қазақстан соңғы әлем чемпионатында бізден көп медаль жеңіп алды, олар рейтингте Өзбекстанға қарағанда жоғары орынға ие болуы мүмкін, өйткені әлем чемпионатындағы қазақстандық қыздардың нәтижелері де рейтингті есептеу кезінде ескерілді. Жалпы, біз ірі жарыстарда Қазақстаннан асып түстік, мен біздің бокс қазақстандық бокстан мықты деп айта аламын», - деді боксшы.
Айта кетейік, Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Өзбекстан құрамасы ерлер арасындағы жарыста 10 салмақ дәрежесінде жеңіске жету үшін күресіп, 9 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Боксшылардың бұл ұпайы келесі IBA рейтингіне әсер етеді.