04.02.2023, 09:10
Жаңалықтар
Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады
Бес қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 4 ақпанда Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды