03.02.2023, 05:17
Жаңалықтар
Қызылорда облысында оқушылар 3 ақпанда онлайн режимде оқиды
Ауа райына байланысты сабақ қашықтан өткізіледі
фото: qazaquni.kz
Қызылорда облысында оқушылар 3 ақпанда онлайн режимде оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылар қашықтан оқытылады», - деп хабарлады Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, облыстық интернаттарда сабақ процесі қалыпты жағдайда жүргізіледі. Ал жеке мектептердегі оқу форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес іске асырылады.
Жаңақорған мен Шиелі аудандарын қоспағанда 208 мектептегі 140 033 оқушы ертең қашықтан оқитын болады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды