$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі

ИИДМ тиісті заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі

Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі. Бұл туралы Алматыда халықаралық Digital форумында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова «Digital Almaty: жаңа жағдайдағы цифрлы әріптестік» V халықаралық форумына қатысты.

«Өнеркәсіпті цифрлы трансформациялау» сессиясы шеңберінде Индустрия 4.0 элементтеріне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау мен реттеу жолдары, сондай-ақ өндіріс орындарында цифрлы жобаларды дамытып, енгізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

Форум кезінде Қазақстан мен шетелдік компаниялардың мамандары осы бағыт бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ, Tesla, Faceplate, CEO Geometry сынды ірі компанияларының өкілдері өнеркәсіпті заманауи тұрғыда ілгерілету жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық диалог барысында ИИДМ басшысының орынбасары цифрлы технологияларды өнеркәсіпке енгізетін кәсіпорындарды ынталандыруға байланысты министрлік тиісті заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, сондай-ақ IT-шешімдерді әзірлеп, енгізетін өндіріс орындары шамамен 60 млн теңгеге дейінгі сомада жұмсалатын шығындардың 40%-дан 50%-ға өтей алатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары