$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»: Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті

Кезектен тыс конференцияда партияның беделді кеңестерінің бірі саяси кеңес құрамына өзгеріс еніп, тізімі жаңарды

«AMANAT»: Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезі 7 ақпан күні өтеді деп жоспарланған. Осыған орай партияның барлық өңірдегі филиалдарында кезектен тыс конференциялар ұйымдастырылып жатыр. «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өткен кезектен тыс XXXVIII конференцияны партияның Маңғыстау облыстық филиал төрағасы Нұрбек Қарасаев жүргізді.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі конференцияда «Amanat»  партиясының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері  бойынша сайланатын Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну міндеттері тұр. Сондықтан жиынды ашық форматта өткізуді ұсынамын», - деді «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы.

Конференцияда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округі бойынша үміткерлердің тізімі қаралып, ұсыныстар тыңдалды.

Сондай-ақ кезектен тыс конференцияда 7 ақпанда Астана қаласында өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезіне Маңғыстау облысынан баратын делегаттар тізімі анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#AMANAT партиясы