Бұрынғы министр Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылық құрамындағы өзгерістер жайлы хабарлады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Серікқали Брекешев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік ететін болады.
Айта кетсек, С. Брекешев 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды.
Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, ҚР мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Құрақұдық» ЖАҚ компанияларында инженерлік техникалық қызметтер атқарды.