Павлодарда жүк тиегіш көліктің жүргізушісі жанып жатқан көлікті қармен сөндірді
Өрт туралы хабарлама 31 қаңтарда сағат 11.33-те түскен
Павлодарда банктердің бірінің филиалының алдындағы автотұрақта тұрған көлік жанып кетті. Оны қар күреп жүрген қызметкерлердің бірі жүк тиегіш көлігінің көмегімен сөндірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт туралы хабарлама 31 қаңтарда сағат 11.33-те түскен.
«31 қаңтар күні сағат 11:33-те 101 пультіне Торайғыров көшесі, 46/1 мекен-жайы бойында автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалын шыққан көлікті жақын маңдағы автотұрақта қар жинап жүрген «Горкомхоз» ЖШС - тракторист сөндірді. Ол автокөліктің өртенгенін байқап жиналған қарды жанып жатқан автокөлікке аудара салды», - деп хабарлады облыс ТЖД.
Жүк тиегіш көлік жүргізушісінің аты-жөні Едіге Жұмабеков екенін анықталды.