Грузияда ресейліктердің жаппай келуінен тұрғын үй бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елде жылжымайтын мүлікті жалға алуға да, сатып алуға да сұраныс артты

Грузия ресейліктердің жаппай келуі аясында тұрғын үй құнының күрт өсуі бірден байқалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Еуроньюске» сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы Украинаға басып кірген алғашқы айларда, сондай-ақ мобилизация жарияланғаннан кейінгі кезеңде ресейліктер жаппай Грузияға қоныс аударған. Жергілікті нарық ойыншылары ауқатты ресейліктер көбірек төлеуге дайын екенін атап өткен. Ал өз елінде баспананы жалға алып келген грузиндер қаржылық қиындыққа тап болған.
«Мен студентпін, соғысқа дейін біз 160 доллар төледік, орыстар келгеннен кейін баға 400 долларға дейін көтерілді. Ата-аналарымыздың көмегінсіз пәтер жалдау мүмкін болмай қалды», - дейді Ника Кавтарадзе.
Риэлторлардың айтуынша, Ресей азаматтарының қызығушылығының артуына байланысты Тбилисидің орталығында пәтер жалдау қиынға соғады. Қазір тұрғын үй жеткіліксіз. Жылжымайтын мүлікті жалға алуға да, сатып алуға да сұраныстың артуы Батумиден және елдің басқа қалаларынан байқалады.
TBC Capital брокерлік компаниясының зерттеуіне сәйкес, өткен жылы жалпы ел бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алу бағасы 20%-дан астамға өсті, ал жалдамалы тұрғын үй екі есеге қымбаттады. Инвестициялық компаниялардың бағалауы бойынша 2023 жылы баға түспейді.
«Жалға алуға келетін болсақ, біздің болжамымызша, өсім 2022 жылдағыдай күрт қымбаттамайды. Десе де, тұрғын үй құны қымбаттайды. Мүліктің бағасы 18% өседі деп күтеміз», - деп түсіндіреді TBC Capital аға ғылыми қызметкері Ирина Квахадзе.
Сарапшылар Грузиядағы тұрғын үйге соғысқа қарсы позициясы бар жаңадан келген ресейліктер ғана емес, сонымен қатар Ресейден және басқа мемлекеттерден инвесторлар да қызығушылық танытатынын атап өтті.