$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бақытжан Базарбек: Биыл мемлекет меншігіне қайтарылатын жер көлемі 5 млн гектарға жеткізіледі

«Жер аманаты» комиссиясы 3000-ға жуық үлескердің құқығын қорғап жатыр

Бақытжан Базарбек: Биыл мемлекет меншігіне қайтарылатын жер көлемі 5 млн гектарға жеткізіледі

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек игерілмей жатқан және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысының нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен ел аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл бұл көрсеткішті 5 млн гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қажет барлық мүмкіндігіміз бар. Бұған қоса, «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайтарылған жерлердің интерактивті картасын әзірленді», - деді ол.

Бақытжан Базарбек сөзін жалғай отырып, 200-ге жуық үлескердің мәселесі шешілгенін, 3000-ға жуық үлескердің құқығын қорғалып жатқанын айрықша қозғап өтті

«Сол сияқты комиссия жұмысы барысында үлескерлер мәселесі көтеріліп, ауыз толтырып айтуға болатын оң нәтижеге қол жеткіздік. Яғни Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Шал ақын ауданында комиссия мүшелерінің араласуымен 200-ге жуық үлескердің құқығы қорғалып, бұған кінәлі азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, аталған облыстағы Ақжар ауданында, Алматы облысының Кербұлақ ауданында дәл осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, комиссия ел аумағында бас-аяғы 3000-ға жуық үлескердің құқығын қорғауда», – деді Бақытжан Базарбек.

Серіктес жаңалықтары