$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абзал Құспан: «Құқықтық көмек» акциясы ауыл халқының мәселелерін шешуге арналған

«Құқықтық көмек» акциясы 2 мақсатты көздейді

Абзал Құспан: «Құқықтық көмек» акциясы ауыл халқының мәселелерін шешуге арналған

Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан «Құқықтық көмек» жобасы бойынша Атырау облысының бірнеше ауданында тұрғындарды қабылдап, құқықтық кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысының бірнеше ауданында 12-18 қаңтар аралығында «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Исатай ауданынан бастап, әрі қарай Индер, Мақат, Жылыой аудандарында, келе алмай қалғандар үшін Атырау қаласында азаматтар қабылданды.

«Құқықтық көмек» акциясы негізінен ауыл халқына арналған. Неліктен ауыл халқына басымдық беріп отырмыз? Жаңа өзіңіз атап өткендей, ауыл халқының мүмкіндіктері шектеулі, қалаға, ауданға барып тиісті уәкілетті органдарға кіруге мүмкіндіктері аз. Екіншіден, көптеген іс-шара ауылды жерлерде науқандық сипат алып кеткен. Яғни бір акция болады, ол өтіп кеткесін ұмытылып кетеді. Оны халық ашық айтты», - дейді белгілі заңгер.

Ол өз сөзінде «Құқықтық көмек» акциясы 2 мақсатты көздейтінін айрықша атап өтті. Біріншісі – ауыл халқының арасында күрделеніп, қордаланып қалған мәселелерді шешу болса, екіншісі – құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Екеуі де өте өзекті.

Сөз арасында осы жұмысысымыздың нәтижесінде тұрақты түрде әрі қарай жалғастыру керек екенін айта келе атқарылған жұмыстарға тоқталып өтетті.

«Құқықтық сауаттылыққа қатысты алимент жайлы айты өтсем. Көп адам мұны әйел адамның құқығын қорғауға бағытталған жұмыс деп қате түсінеді. Жоқ, бұл кәмелетке толмаған, асырауындағы балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Бұл қалада да, облыста да өте күрделі мәселе.

Дегенмен ауылдағыларға тіптен қиын. Мысалы қабылдауға келген әйел кісілерге қолдарындағы смартфондарын ашып, «АИС ОЙП» (Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) деген Әділет министрлігі шығарған жақсы бір бағдарламаны көрсеттік. Ол әйел кісілер жеке сот орындаушыларға хабарласа алмайтынын, телефондарын көтермейтінін, барлығы облыс орталығында екенін айтты. Сондай-ақ ол жаққа баратын қаражаты жоқ екенін айтқан кезде сол бағдарламаны ашып көрсетіп, ЖСС енгізіп, әрі қарай телефон арқылы бақылап отыруға, шағым қалдыруға, өзінің өндірісі бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын қарап отыруға болатындығын түсіндірдік», - деді Абзал Құспан.

Айтуынша осындай қарапайым ғана ақпараттардың оларға қолжетімсіз болып отыр.

«Азаматтардың нақты құқықтарын қорғадық. Аудан деңгейінде шешілетін мәселелерді аудан деңгейінде шештік. Ал облыс орталығында өңір әкімі Серік Шәпкеновтің басшылығымен барлық құқық қорғау органының бірінші басшыларының қатысуымен қорытынды жиналыс өткіздік. Енді бұл пилоттық жоба болғаннан кейін барлығына түсіндіріліп айтылды. Бұл тексеру емес, болмаса жергілікті құқық қорғау, атқарушы органдардың жұмысына баға беру мақсатында емес, бұл жоба қажет пе деген жауап іздеген болатынмыз», - деп белгілі құқық қорғаушы сөзін аяқтады.

Серіктес жаңалықтары