$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнама енгізілмек

Ол бизнеске артылатын жүктемені азайтады

Бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнама енгізілмек
Фото: elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек. Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Смайылов.

Сондай-ақ Премьер бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.

«Салалық мемлекеттік органдар «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс. Жақын арада Парламентке тиісті заңнамалық актілер пакетін енгізу қажет.

Сонымен қатар жаңа нормаларды биылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу мәселесін қарастыру керек. Бұл бизнеске шамадан тыс жүктемені осы жылдың басынан бастап азайтуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов жаңа шарттарға сәйкес келмейтін талаптарды жою үшін заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізуді жылдамдату керек екенін айтты.

«Осы актілерді қайта қарап,   биылғы 31  наурызға дейін тиісті салалық бұйрықтарды  барлық мемлекеттік органға қабылдау қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары