$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда «пеш» орнатылған көлік айыппұл тұрағына қойылды

Кейбір Telegram-арналарда отынмен жүріп келе жатқан көліктің күлкілі бейнежазбасы жарияланған болатын

Алматыда «пеш» орнатылған көлік айыппұл тұрағына қойылды
фото: polisia.kz

Алматы полициясы көлік салонының ортасына «пеш» қойған жүргізушіні жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікті 1955 жылы туған Л.есімді азамат басқарған.

«Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Серіктес жаңалықтары