$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды

Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласында Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тағайындау