Алдағы сайлау Қазақстанда парламентаризмнің дамуына ықпал етуі мүмкін – сарапшы
Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді

Жетекші отандық сарапшылар алдағы сайлаудан не күтетіндерін айтты. Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов қоғам мен биліктің арасында біртұтас жүйенің қалыптасатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Экономикадан бастап саясатқа дейінгі барлық салалар – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге байланысты. Ал олар сайлауда халықтың сындарлы еркін таңдауын білдіруінің арқасында жүзеге асады.
Алдағы сайлау Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына ықпал етуі мүмкін. Халық пен мемлекет мүддесін біріктіретін осындай жүйені тек парламентаризм ғана құра алады», - деді Мансұрхан Махамбетов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі.