30.01.2023, 17:34
Жаңалықтар
Қарағандыда жол көлік апатына патрульдік полиция кінәлі болды
Бастапқыда полицейлер арнайы көлікке жол бермеген жүргізушіні кінәлі деп хаттама толтырған
Қарағандыда жол көлік апатына патрульдік полициясы кінәлі деп танылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Instagram желісіндегі «astana_sergek» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бастапқыда полицейлер арнайы көлікке жол бермеген ВАЗ жүргізушісін кінәлі деп хаттама толтырған. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарастыратын мамандандырылған ауданаралық сотында патрульдік полиция көлігінің жүргізушісін кінәлі деп танылды.
Бағдаршамның қызыл жарығы жанғаннан кейін полицей өзіне жол берілгеніне көз жеткізуі керек еді. Заң бұзған полицейге 70 мың теңге айыппұл салынды.
Оқиға 12 желтоқсан күні Әбдіров пен Ерубаев көшелерінің қиылысында болған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты