$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ирандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Қазақстан тарапы қауіпсіздік шарасын күшейтуді жоспарлап отырған жоқ

Ирандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ирандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Иран билігінің ақпаратынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бізге елшіліктен мұндай ақпарат түскен жоқ», – дейді Айбек Смадияров.

Ол сондай-ақ Әзірбайжан елшілігі өз қызметкерлерін Тегераннан эвакуациялаған соң, Қазақстан тарапының қауіпсіздік шарасын күшейтуді жоспарлап отырмағанын айтты.

«Бұл жеке жағдай деп ойламаймыз. Егер Тегеранда орналасқан елшіліктерге шабуылдар сериясы жасалса, жағдай басқаша болар еді. Елшілік қалыпты, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Баку уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында Ирандағы Әзірбайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалған болатын. Шабуылшы күзет бекетінде автоматтан оқ жаудырып, соның салдарынан қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты, елшіліктің екі күзетшісі жараланды.

Сондай-ақ Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 580-ге дейін артты.

Сол күні Исфахан қаласындағы оқ-дәрі өндіретін зауытта жарылыс болды.

Серіктес жаңалықтары