29.01.2023, 13:34
Жаңалықтар
Ирандағы зілзаладан зардап шеккендер саны артты
Жер сілкінісі Армения мен Әзірбайжанда да сезілді
Фото: Pouria Pakizeh / ISNA / AP
Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 580-ге дейін артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Қызыл жарты ай ұйымы 447 адамның зардап шеккені мен үш адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Жергілікті биліктің мәліметіне қарағанда екі ірі қала мен 70-тен астам елдімекенде ғимараттар бүлінген. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9, ошағы Хой қаласынан 23 шақырым жерде болған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды