29.01.2023, 14:29
Жаңалықтар
Риддерде баласын үшінші қабаттан құлатқан әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Бұған қоса ол 30 630 теңге айыппұл төлейді
фото: ашық дереккөзден
Риддер қаласында екі жасар баласын үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлатып алған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішімдік ішкен әйел баланы қолына ұстап, құлыптаулы тұрған пәтерінен балкон арқылы шықпақшы болған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің айтуынша денсаулығына еш қауіп жоқ.
«Әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішхатпен беріледі», - деп көрсетті ШҚО полиция департаменті.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды