$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасы халықтың аманатынан құралады

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мен оның филиалдары тұрғындардың ұсыныс-тілегін жинауды бастаған, 2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің қоғамдық қабылдауға 134 мыңнан астам азамат арыз-шағымымен келген

«AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасы халықтың аманатынан құралады
Суретті түсірген Әли Ғалым

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партия жанындағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қоғамдық бақылау бөлмесінің жұмысы, атқарылған қызметі туралы бөлме меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов таныстырды.

Елнұр Бейсенбаев атағандай, «AMANAT» партиясының жанындағы республикалық қоғамдық қабылдау – сәтті, жүйелі жұмыс істеп жатқан бөлімшелердің бірі.

«Бүгінге дейін, яғни 2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің қоғамдық қабылдауға 134 мыңнан астам азамат арыз-шағымымен келген. Олардың 90 пайызға жуығының мәселесі оңтайлы шешілді. Бірқатары кеңес алып, біршамасына құқықтық көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар берілді. Бұл – тыңғылықты жұмыстардың бірі. Біздің қоғамдық қабылдаулардың ел бойынша 249 филиалы бар. Олардың әрқайсысы өз қызметін іске асырып жатыр», - деді Бейсенбаев.

Оның айтуынша, қоғамдық қабылдаудың міндеті – халықтың талап-тілегі мен арыз-шағымын барлық мемлекеттік органмен байланыстырып, іске асыру. Қазіргі таңда орталық бұл жұмысты тоқтатып, халықтың ұсыныс-тілегін қабылдап жатыр. Бұл ұсыныстар сайлауалды бағдарламаны әзірлеген кезде ескерілетін болады.

«Мұндай қоғамдық қабылдау бірде-бір басқа саяси партияның жанында жоқ. Ауылдағы азаматтардың 90 пайызы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына келіп, арыз-шағымын бере алады. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Оған қоса қоғамдық қабылдаудың жұмысын әртараптандыру, жандандыру мақсатында партия төрағасының тікелей бастамасымен «құқықтық көмек» деген ауқымды жобаны іске асыруды бастадық. Ол жобаның амбассадоры – танымал заңгер Абзал Құспан. Ол сайлауалды науқан басталмай тұрғанда Атырау облысына барып, 5 ауданды және оған тиесілі ауылдарды, қалаларды аралап, қабылдау өткізді», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, партия төрағасының бастамасымен «қаржылық сауаттылық» арнайы жобасы іске асырылып жатыр.

Елнұр Бейсенбаев осы сынды мәселелерді пысықтау мақсатында қоғамдық қабылдаудың жұмысын күшейтіп, арнайы құқықтық көмек пен қаржылық сауаттылықты арттыру партиялық жобалары енгізілгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары